
🗓 Оқу мерзімі: 2025 жылғы 4 тамыз – 7 қыркүйек
📍 Астана
Елордада үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдеріне арналған жыл сайынғы кешенді оқыту курсы басталады. Бұл бағдарлама ҮЕҰ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға және әлеуметтік бастамалардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Курс аясында қатысушыларға ұсынылады:
5 семинар, 5 практикалық тренинг және 2 онлайн-вебинар.
Барлық сабақтарды әртүрлі саладағы тәжірибелі сарапшылар мен кәсіби спикерлер жүргізеді.
📚 Оқыту келесі маңызды тақырыптарды қамтиды: ҮЕҰ-ды қолдау шаралары, әлеуметтік кәсіпкерлік, коммуникация және презентация дағдылары, қаржылық, құқықтық және заңдық сауаттылық, жеке брендті дамыту, жобаларды медиа арқылы ілгерілету және т.б.
🎯 Курс соңында қатысушылар арасында гранттар байқауы өткізіледі.
Үздік деп танылған 5 жобаға әрқайсысына 500 000 теңге көлемінде грант беріледі.
Жобаларды жүзеге асыру үдерісі ұйымдастырушылар тарапынан мониторингпен және әдістемелік қолдаумен сүйемелденеді.
📌 Оқыту тегін. Қатысу тек алдын ала тіркелу арқылы мүмкін.
📞 Байланыс нөмірі: Елена, +7 778 161 24 78
Жаңалықтардан хабардан болып отырыңыз және әлеуметтік өзгерістерге үлес қосатын қауымдастықтың бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!